weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 12:25 / Перизат Ілес / Әскер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Иран Бас штабтың бастығы мен қорғаныс министрінің қаза тапқанын растады

Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы Абдулрахим Мусави мен елдің қорғаныс министрі Азиз Насирзаде Қорғаныс кеңесінің отырысы өткен орынға жасалған соққы салдарынан қаза тапты,– деп хабарлайды newsroom.kz

Иран Бас штабтың бастығы мен қорғаныс министрінің қаза тапқанын растады

Агенттік төрт адамның тізімін жариялады, онда Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы мен қорғаныс министрінің есімдері көрсетілген.

Тізімде бұған дейін қаза тапқаны хабарланған Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпур мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы Али Шамхани де бар.

Бұған дейін Иран билігі АҚШ пен Израильдің әскери операциясы барысында елдің жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи қаза тапқанын растаған болатын. Иран агенттіктерінің хабарлауынша, ол 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің шабуылы нәтижесінде мерт болған. Мәліметтерге сәйкес, Хаменеи резиденциясына жасалған соққы кезінде жұмыс орнында болған. Fars агенттігі сондай-ақ оның қызы, күйеу баласы, немересі және келіндерінің бірінің де қаза тапқанын хабарлады.

Хаменеи қазасының расталуынан кейін Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Израильге және Таяу Шығыстағы америкалық базаларға қарсы «ең қуатты шабуыл операциясының» басталғанын мәлімдеді. Иранда 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→