Елорда прокуратурасы күдіктілердің әрекетінен келген шығын көлемі шамамен 8,2 млрд теңгені құрағанын хабарлады. 420-дан астам отбасының мүддесі зардап шеккен.
Астана қаласының прокуратурасы дерегіне сүйенсек, күдіктілер «Оазис» тұрғын үй кешені, «R-Club» МЖК және «R-Club Deluxe» жобаларына заңда көзделген рұқсат құжаттарынсыз азаматтардың қаржысын тартқан. Жиналған қаражат мақсатсыз жұмсалып, құрылыс тиісті деңгейде жүргізілмеген.
Зардап шеккендердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету үшін 10 пәтерге, 36 жер теліміне, 16 коммерциялық нысанға және 49 автокөлікке тыйым салынды.
Прокуратураның ресми хабарламасына сәйкес, 12 күдіктіге қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.