weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Ауыл» партиясы референдумға ұлттық киіммен бару челленджін бастады

Бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеп, азаматтарды референдумға белсенді қатысуға үндейді.

«Ауыл» партиясы референдумға ұлттық киіммен бару челленджін бастады

«Ауыл» партиясы референдум қарсаңында республикалық челлендждің басталғанын жариялады. Игі бастама ұлттық мұраны насихаттауды, азаматтық белсенділікті арттыруды және қоғам назарын ел болашағына қатысты маңызды саяси оқиғаға аударуды көздейді.

Партия өкілдерінің айтуынша, ұлттық киім – халқымыздың көпғасырлық тарихы мен мәдениетінің, рухани болмысының көрінісі. Ал референдум – әр азаматтың мемлекет дамуына қатысты өз ұстанымын білдіретін маңызды демократиялық құрал.

Осыған байланысты партия қазақстандықтарды референдум күні ұлттық киім киіп, дауыс беруге қатысуға шақырды. Сондай-ақ өз таңдауы мен азаматтық белсенділігін әлеуметтік желілерде арнайы хэштег арқылы фото немесе видео форматында жариялау ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай бастама ұлттық бірегейлікті нығайтып, патриоттық рухты күшейтуге және қоғамда қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Ұлттық киім кию – тек дәстүрге құрмет қана емес, бұл – өз тамырыңа адалдық пен ел болашағына деген жауапкершіліктің белгісі», – деп мәлімдеді партия өкілдері.

Челленджге еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қатыса алады. Ұйымдастырушылар бастама қоғам тарапынан кең қолдау тауып, әлеуметтік желілерде жаңа серпінге ие болады деп үміттенеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→