weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Ауыл» партиясының төрағасы: Жаңа Конституция – халық үніне негізделген құжат

«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасы ел азаматтарының нақты сұранысы мен ұсыныстары негізінде әзірленгенін атап өтіп, оны жалпыхалықтық референдум арқылы бекітуді қолдайды.

«Ауыл» партиясының төрағасы: Жаңа Конституция – халық үніне негізделген құжат

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев жаңа Конституция жобасына қатысты партия ұстанымын білдірді. Оның айтуынша, құжат қоғам тарапынан жолданған мыңдаған ұсыныс-пікірді ескере отырып дайындалған.

Спикер жаңа Конституция азамат пен мемлекеттің өзара байланысын жаңаша қалыптастырып, мемлекеттік басқарудың тиімді моделін айқындайтынын атап өтті. Құжаттың өзегінде адам құқықтары, адами құндылықтар, билік тармақтарының тепе-теңдігі, заң үстемдігі және әлеуметтік әділеттілік қағидаттары бар.

Серік Егізбаев «Ауыл» партиясы еліміздің бірқатар өңірлерінде Конституция жобасын түсіндіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізгенін жеткізді. Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Шымкент және өзге де аймақтарда халықпен кездесулер өтіп, азаматтардың пікірлері жан-жақты тыңдалған.

Партия төрағасының айтуынша, ауыл тұрғындары ұсынылып отырған өзгерістерді формалды түзетулер ретінде емес, күнделікті өмірге тікелей әсер ететін маңызды бастама деп қабылдауда. Кездесулер барысында тұрғындар Конституция тағдыры халықтың өз қолында болуы тиіс деген ортақ пікір білдірген.

«Азаматтар жиі түрде: “Бұл құжатты халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті” деген ой айтты. Осыған байланысты Конституция жобасын жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынамын және барша қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырамын», – деп түйіндеді Серік Егізбаев.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→