Іс-шараның басты тақырыбы – «Қазақстан Республикасының Конституциясы:
Мемлекеттілік пен құқық үстемдігін нығайтқан 30 жыл». Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, заңгер ғалымдар, саясаттанушылар және қоғам қайраткерлері қатысты.
Құқықтық мемлекет ретінде Қазақстанның даму бағыты, конституциялық реформалардың ел дамуына әсері, жаңа саяси өзгерістер мен халықаралық тәжірибелер талқыланды.
С.Егізбаев, «Ауыл» партиясының Төрағасы, Конституцияның мәні мен аграрлық саладағы өзгерістер туралы сөз сөйлеп:
«Ата Заңымызда жеке және мемлекеттік меншік түрлері анық көрсетілген. Алайда кооперативтік мүлік үшін нақты құқықтық негіздер жоқ. «Ата Заңымызға ұжымдық меншік ұғымын енгізу қажет пе?» деген сұрақ туындайды» - деп атап өтті.
Айта кетелік, бұл мәселе бірнеше жылдан бері партия тарапынан зерттеліп келеді, ал сарапшылар бүгінгі кездесу барысында бұл тақырыпты кеңінен талқылауды ұсынды.