«Жаттығу барысында әуе нысандарын анықтау және сүйемелдеу, әуе кеңістігін бұзған ұшақтарды ұстап алу, сондай-ақ оларды белгіленген аэродромдарға мәжбүрлеп қондыру міндеттері пысықталуда», – делінген қорғаныс ведомствосының хабарламасында.
Қорғаныс министрлігі жаттығудың жоспарлы сипатта екенін және «әуе шабуылына қарсы қорғаныс кезекші күштерінің өзара іс-қимыл деңгейін, жауынгерлік даярлығын және әзірлігін арттыруға» бағытталғанын атап өтті.