weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Халықтық Конституция – қуатты мемлекет»: Қызылордада сарапшылар кездесуі өтті

Қызылорда қаласындағы Достық үйінде Республикалық референдум аясында «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі ұйымдастырылды. Жиынға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, конституциялық реформаның ел болашағы үшін маңызын атап өтті.

«Халықтық Конституция – қуатты мемлекет»: Қызылордада сарапшылар кездесуі өтті

Бүгін Қызылорда қаласындағы Достық үйінде Республикалық референдум аясында «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті. Басқосуға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, конституциялық реформаның стратегиялық мәніне тоқталды.

Кездесуге мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, бизнес қауымдастығы, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, саяси партия жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы өз сөзінде жалпыхалықтық референдум ел болашағын айқындайтын тарихи қадам екенін атап өтті.

«Конституциялық реформа жөніндегі жалпыхалықтық талқылаулар жарты жылға жуық уақыт бойы түрлі алаңдарда өтті. Бұл – қоғамның саяси белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің айқын көрінісі. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді халықтың тікелей дауыс беруіне ұсыну – демократияның берік қағидаты.

Жаңа Конституция жобасында мемлекетіміздің іргелі негіздері, басты құндылықтары мен дүниетанымдық ұстанымдары жүйеленіп, заманауи талаптарға сай жаңғыртылды. Жалпыхалықтық референдум Тәуелсіз Қазақстанның алдағы даму кезеңін айқындап, ел тарихында жаңа белестің басталуына негіз болады деп сенеміз.

Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларды орындауда Сыр өңірі әрдайым бірлік пен татулықтың үлгісін көрсетіп келеді. Алдағы маңызды саяси кезеңде сырбойылықтар елдің шынайы патриоты ретінде азаматтық ұстанымдарын танытып, жаңа Конституция жобасын қолдайды деп сенемін. Баршаңызды осы іске жоғары жауапкершілікпен белсенді атсалысуға шақырамын», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жиында облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, ҚР Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті басқарма төрағасы-ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Сейітқалиұлы, білім саласының ардагері Райкүл Мансұрқызы, Қазақстанның Азаматтық Альянсы облыстық филиалының төрайымы, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Анар Жарылқасынқызы, «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Бекмағамбетқызы және Amanat партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Қазиұлы пікір білдірді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→