weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қай халық ең ақылды? IQ көрсеткіші бойынша әлемдік рейтинг жарияланды

Халықаралық IQ реестрінің ресми сайтында елдер арасындағы орташа зияткерлік деңгейге қатысты рейтинг жарияланды. Тізімге IQ тестін кемінде 100 адам тапсырған мемлекеттер ғана енгізілген.

Қай халық ең ақылды? IQ көрсеткіші бойынша әлемдік рейтинг жарияланды

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, рейтингке 137 мемлекет кірген. Есеп адамдардың бірдей форматтағы IQ тестінен алған нәтижелеріне негізделген.

Орташа IQ көрсеткіші ең жоғары ел ретінде Оңтүстік Корея танылды — 106,97 балл. Одан кейінгі орындарға Қытай (106,48), Жапония (106,3), Иран (104,8) және Аустралия (104,45) жайғасты.

Қазақстан 95,92 балмен 80-ші орында тұр.

Ресей орташа 103,78 көрсеткішімен алтыншы орынға көтеріліп, Сингапур, Канада және Ұлыбританияны артта қалдырған. Ал Беларусь 101,05 баллмен 17-орынға, АҚШ 101,04 көрсеткішімен 18-сатыға тұрақтады.

Тізімнің ең төменгі бөлігінде Ангола (87,89), Никарагуа (87,75), Руанда (86,9), Шығыс Тимор (86,7) және Сомали (83,84) орналасқан.

Есепте елдер арасындағы IQ айырмашылығы бірнеше факторға байланысты екені атап өтілген. Атап айтқанда, денсаулық жағдайы, тамақтану сапасы мен азық-түлік қауіпсіздігі, білім алу мүмкіндіктері және генетикалық ерекшеліктер зияткерлік деңгейге әсер етеді.

Зерттеу 137 елден 1,2 миллионнан астам адамның бірдей IQ тестінен өткен нәтижелеріне сүйене отырып жүргізілген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→