Қызылорда облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына «Урал» маркалы көлік пен Audi автокөлігі соқтығысқан. Апат салдарынан бір адам көз жұмды.
Алдын ала болжам бойынша, Audi жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция өкілдері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және тасжолдарда аса мұқият болуға шақырды.