Полицияның мәліметінше, мопед жүргізушісі кенеттен қарсы қозғалыс жолағына шығып, келе жатқан көлікке соғылған.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан бір мопед автокөлікке соғылған сәт анық көрінеді, ал екінші мопед тоқтап қалған.
Соқтығыс салдарынан мопед қатты зақымдалып, жүргізуші түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Қазір Алмалы ауданының полиция қызметкерлері апаттың нақты себептерін анықтап жатыр.