Оның сөзінше, қызы шамамен бір жыл бойы психологиялық қысым көрген, алайда ата-ананың бірнеше мәрте жүгінуіне қарамастан, мектеп әкімшілігі нақты шара қолданбаған. Оқиға болған күні бала мектепке барудан қатты қорыққан.
Қазір оқушы реанимация бөлімінде, жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Айта кетейік, QSI – америкалық жекеменшік мектеп, мұнда оқу ақысы жылына шамамен 25 мың долларды құрайды.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.