Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті қыздарға көп жыл бойы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен. Қылмыс басталған кезде олардың жасы алты және сегізде болған.
Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Күдікті – уақытша ұстау изоляторында. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті.