weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістанда үш полицейдің 18 жасар қызды зорлағаны рас па?

Түркістан облысында орын алған зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

Түркістанда үш полицейдің 18 жасар қызды зорлағаны рас па?
Фото: shutterstock

Әлеуметтік желілерде үш полицейдің 18 жастағы қызды зорлағаны, кейін олардың бірден жұмыстан қуылғаны туралы ақпарат тараған. ІІМ бұл мәліметке түсініктеме берді.

«Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұрынғы полиция қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деген ақпарат толық көлемде тексеріледі және оған принципті құқықтық баға беріледі. Қызметтік тексеріс нәтижесінде аталған тұлғалар қызметтің беделін түсіргені үшін ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды», – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Ведомство бұл істің ішкі істер министрінің ерекше бақылауында екенін хабарлады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→