Блогердің айтуынша, оқиға Almaty Arena маңындағы мұз айдынында болған.
«Мен 102 нөміріне қоңырау шалдым, әйелді алып кетті, болған жайтты видеоға түсірдім… Бірақ ең өкініштісі – ұрып-соғылған қыз ата-анасына айтпауды өтінді, себебі олардан қорқатынын айтты. Бұл қалай? Менің көз алдымда әйел кезексіз кіріп, қолындағы кофесі қызға төгілген соң, баланы беттен ұрды. Кейін оны жерге жығып, аяқпен тепкілеген. Күйеуі әрең ажыратты… Ол әйелді бір сәтке қоя тұрайық, бірақ қыз бала өзінің қорғануға құқығы бар екенін неге білмейді?» – деп жазды блогер.
Аталған оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.
Ведомство мәліметінше, күдікті әйел істің мән-жайын анықтау үшін аумақтық полиция басқармасына жеткізілген. Оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылған.