weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Хромтаудағы кафеде жарылыс болды. Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан бес адам жарақат алды.

Хромтаудағы кафеде жарылыс болды. Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде

«Диапазон» басылымының мәліметінше, оқиға 19 қаңтар күні сағат 17:45 шамасында көпқабатты тұрғын үйлердің жанында орналасқан бір қабатты шағын ғимаратта болған. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде тарады.

Бейнебақылау камерасындағы кадрларға қарағанда, жарылыстың күші қатты болғаны сонша, ғимараттың шатыры ұшып кетіп, артынан өрт шыққан.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жарылыс ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған газ жабдығының іске қосылуы кезінде орын алған. Кейін көлемі 12 литрлік газ баллонынан газ бен жалынның кенеттен шығуы ғимараттың опырылуына әкелген.

Оқиға орнына жедел түрде екі өрт сөндіру автокөлігі мен жеті өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Төтенше жағдай салдарынан 30 бен 60 жас аралығындағы бес адам күйік жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір науқас денесінің 20 пайызы күйіп, жансақтау бөлімінде жатыр, ал қалған төртеуі травматология бөлімінде ем қабылдауда.

Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→