weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Хромтауда адам өлтірген ер адам 11 жылға сотталды: марқұмның басы тоңазытқыштан табылған

Ақтөбе облысында былтыр Хромтауда болған аса қатыгез кісі өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Негізгі айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылса, қылмысты жасырған екінші адам 4 жылға сотталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының Полиция департаменті хабарлайды.

Хромтауда адам өлтірген ер адам 11 жылға сотталды: марқұмның басы тоңазытқыштан табылған
Фото: открытые источники

Ақтөбе облысының полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленушінің жұбайы 2024 жылғы 11 қазанда күйеуінің хабар-ошарсыз кеткені туралы полицияға арызданған. Осыдан кейін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, тәртіп сақшылары жоғалған азаматтың таныстарының ізіне түскен.

Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде полицейлер марқұмның кесілген басын тоңазытқыштан тапқан. Осыдан кейін күдіктілер қылмысты мойындап, жауап берген.

Тергеу барысында олардың арасында ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, соның салдарынан ер адам өлтірілгені анықталған. Кейін күдіктілер қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйітті бөлшектеген.

Іс сотқа жолданып, негізгі айыпталушы адам өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмысты жасырған екінші сотталушы 4 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, тараптардың апелляциялық шағым беру құқығы бар.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→