weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы – Орталық Азиядағы ең қымбат қала атанды

Numbeo аналитикалық сервисі әлемнің 479 қаласындағы өмір сүру құнына қатысты рейтинг жариялады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Алматы Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы ең қымбат қала болып танылды.

Алматы – Орталық Азиядағы ең қымбат қала атанды
Фото: авиасейлс

Жаһандық тізімде Алматы 401-орынға жайғасса, Астана 428-орында тұр. Алматының өмір сүру құны индексі 33 балды құрады. Бұл Нью-Йоркпен (100 балл) салыстырғанда 67 пайызға төмен көрсеткіш болғанымен, аймақ елдерінің астаналарынан жоғары.

Салыстыру үшін:
– Ташкент – 29,4 балл
– Астана – 29,7 балл
– Бішкек – 28,8 балл
– Душанбе – 28,6 балл

Рейтингте тұрғын үйді жалға алу немесе ипотека құны есепке алынбаған. Есептеуге азық-түлік, мейрамханалар, көлік және коммуналдық қызмет бағалары енгізілген. Қосымша индекстер бойынша Алматыда жалдау құны – 15,7, азық-түлік – 31,9, мейрамханалар – 35,5 баллды көрсетті. Ал сатып алу қабілеті индексі 55,7 балл болып, бұл алматылықтардың Нью-Йорк тұрғындарына қарағанда 44,3 пайызға аз тауар мен қызмет ала алатынын білдіреді.

Астанада сатып алу қабілеті жоғарырақ – 62,5 балл, дегенмен жалпы өмір сүру құны Алматыдан төмен.

Әлемдегі ең қымбат қалалар қатарына Швейцарияның алты қаласы енген. Көш басында – Цюрих (118,5 балл). Ал ең арзан қалалар ретінде Үндістандағы Индор, Лакхнау және Коимбатур аталды.

Бұған дейін, Алматы туристер үшін ең үздің 25 қаланык қатарына енгенін жазғанбыз.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→