Жараланған азаматтың өзі «102» арнасы арқылы полицияға хабар берген.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде тәртіп сақшылары жетіп, жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы күдікті ұсталған.
«Зардап шеккен азамат – құқық қорғау органының қызметкері. Оқиға кезінде ол еңбек демалысында болған», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыс құралы тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.