weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

82 жастағы қарт 20 жылға сотталды: ол 7 жасар шөбересіне зорлық көрсеткен

Астанада сот 7 жастағы шөбересіне сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін 82 жастағы ер адамды кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Смаилова Facebook парақшасында хабарлады.

82 жастағы қарт 20 жылға сотталды: ол 7 жасар шөбересіне зорлық көрсеткен
Фото: envanto

Оқиға отбасылық үйде, баланың туған күні аталып жатқан кезде болған. Туыстардың айтуынша, күдіктіні қылмыс үстінде отбасы мүшелері ұстаған. Тергеу барысында болған жайт куәгерлердің көрсетулерімен және сот сараптамаларының қорытындыларымен толық дәлелденген.

Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі — «Сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға соттаған.

Дина Смаилованың мәліметінше, қыздың анасы қорға түн ішінде, 2025 жылғы 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түні жүгінген. Ол кезде анасы баланы сараптамаға алып бара жатқан.

Құқық қорғаушы іс барысында отбасы ішінде «айыпталушының жасы үлкен» деген себеппен істі сотқа жеткізбеуге шақырған пікірлер болғанын да атап өтті.

«Бұл адам өзінің қылмыс жасағанын толық түсінген. Себебі қылмыс үстінде ұсталған соң қашып кеткен, шамамен бір тәулік бойы ізін жасыруға тырысқан. Оны кейін полиция ұстады», – деді Смаилова.

Айта кетейік, 2025 жылдың күзінде елдің бір ауылында мектеп жасындағы қыздың зейнеткерден босанғаны белгілі болып, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Ол жағдай да тек бала дүниеге келгеннен кейін ғана әшкереленген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→