weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тағы да оқушы өлімі: оны өлтіріп алғаннан кейін көлікпен біраз тасыған

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Беріктас ауылында мектеп оқушысы қаза тапты. Қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын тіркеліп, қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Тағы да оқушы өлімі: оны өлтіріп алғаннан кейін көлікпен біраз тасыған
Фото: SN.kz

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жасөспірім қатарластары тарапынан соққыға жығылған. Кей деректерде жанжалдың ақшаға байланысты туындауы мүмкін екені айтылған. Сондай-ақ оқиғадан кейін күдіктілер баланы көлікке отырғызып, біраз уақыт алып жүргені жөнінде ақпарат тарады. Алайда жасөспірімнің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Марқұмның туыстарының бірі оқиға орнында болғаны туралы да мәліметтер бар.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысы Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Ведомствоның хабарлауынша, 2026 жылғы 8 қаңтарда орын алған дерек бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соққан, денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияның мәліметінше, оқиға кезінде күдікті тарапынан соққы жасалған. Бұл деректер әзірге алдын ала сипатқа ие. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылар мен барлық куәгерлер анықталып, олардан жауап алынуда. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалған.

Әлеуметтік желілер мен бейресми дереккөздерде тараған оқиғаның ақшаға байланысты болғаны жөніндегі ақпарат тексеріліп, қазіргі уақытта расталмағаны белгілі болды.

Қылмыстық істің барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр. Аталған іс Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→