weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Жігіттер» тобының әншісінің үйлену себебі белгілі болды

«Жігіттер» тобының мүшесі Мырзахан Маханов екінші рет шаңырақ көтерді. Әншінің үйлену тойынан видео жариялаған әріптесі Бағлан Әбдірайымов жас жұбайларға ақ тілегін арнады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

«Жігіттер» тобының әншісінің үйлену себебі белгілі болды

Әншінің үйленгені туралы жаңалық әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Кейбір оқырман оның алғашқы некесін еске алып, ажырасу себебіне қатысты пікір білдірген.

Бұған дейін «Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов әншінің алғашқы некесі шамамен 5–6 жылға созылғанын айтқан. Оның сөзінше, ерлі-зайыптылардың ортақ баласы болмаған. Продюсер осы жағдайды ажырасудың негізгі себептерінің бірі деп топшылаған.

Желі қолданушыларының бір бөлігі әншіні жаңа өмірімен құттықтап, бақыт тілесе, енді бірі оның жеке өміріне қатысты түрлі пікір қалдырған.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер