Ресми мәліметке сәйкес, әскери қызметкер жанама оқ жарақатын алған. Оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілген. Ұлттық ұланның хабарлауынша, сарбаздың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс басталды.