Қазіргі таңда жұмыс тобы болашақ бірпалаталы парламенттің моделін әзірлеп жатыр. Оның мәртебесі, негізгі функциялары және өзге билік тармақтарымен өзара іс-қимылы айқындалуда.
Келесі талқылау қаңтар айының ортасына жоспарланған. Онда жаңа парламенттің өкілеттігі мен мемлекеттік институттар жүйесіндегі рөлі басты назарда болады.
Сондай-ақ, кеңесте Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысының өтетін күні бекітілді. Ол 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өтеді. Мемлекет басшысы іс-шараның күн тәртібін дайындау мен ұйымдастыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.