Ведомствоның хабарлауынша, марқұм әскери бөлімге 2025 жылдың 9 желтоқсанында келген. Алғаш рет медициналық көмекке 17 желтоқсанда жүгінген. Осы уақыттан бастап ол дәрігерлердің бақылауында болып, қажетті тексерулерден өтіп, ем қабылдаған.
29 желтоқсанда сарбаздың жағдайы күрт нашарлап, Шымкент қаласындағы медициналық мекемелердің біріне жатқызылған. Алайда 2026 жылдың 6 қаңтарында оның жүрегі тоқтаған. Алдын ала диагноз — жедел лейкоз.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Іс әскери прокуратураның бақылауында.
Ұлттық ұлан басшылығы марқұмның отбасына қысым көрсетілді деген ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен, мұндай мәлімдемелердің барлығы тергеу барысында тексерілетінін атап өтті. Қазіргі таңда марқұмның туыстарына жан-жақты қолдау көрсетіліп, қолбасшылық өкілдері олармен тұрақты байланыста.