Бейресми дереккөздердің айтуынша, әскери қызметші басшысынан ескерту алғаннан кейін өзіне өзі зақым келтірген болуы мүмкін. Ал өзге мәліметтерге сәйкес, ол терең жарақат алғанымен, саусақтарын сақтап қалу мүмкін болған.
Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің хабарлауынша, сарбаз таңғы тексеріс кезінде металл затты пайдаланған. Ол дереу ауруханаға жеткізілген, қазіргі жағдайы тұрақты, саусақтары сақталған.
«Зардап шеккен әскери қызметшінің айтуынша, бұл әрекет жеке себептермен жасалған және әскери қызмет өткеруімен, командирлердің немесе лауазымды тұлғалардың әрекеттерімен байланысты емес», — делінген ресми мәлімдемеде.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді.
Күні кеше Шымкент әскерлерінің бәрәнде жас сарбаздың қайтыс болғанын жазғанбыз.