«Jibek joly» арнасына берген сұхбаиында вице-министр 2026 жылы 3000 елді мекенге оптикалық талшықты интернет тарту жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар, республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолдарды интернетпен қамтамасыз ету бойынша инвесторлармен келісім жасалған.
«2027 жылдың соңына дейін барлық ауыл интернетпен қамтылады деп сенімді түрде айта аламыз», — деді ол.
Бұдан бөлек, елімізде деректерді өңдейтін дата-орталықтар саны артып келеді. 2025 жылы үш дата-орталық іске қосылған, оның біреуі — мемлекеттік. Алдағы уақытта олардың саны көбеймек.
Сондай-ақ, келесі жылы Қазақстан мен Әзірбайжан арасында Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық кабель тарту жобасы іске асады. Бұл жоба Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, Орталық Азиядағы цифрлық хаб ретіндегі орнын күшейтуді көздейді.