weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан ауасы: жылына 2,2 млн тоннадан астам зиянды қалдық атмосфераға тарайды

2024 жылы Қазақстан кәсіпорындары атмосфераға 2,2 миллион тоннадан астам зиянды зат шығарған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға көп. Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр.

Қазақстан ауасы: жылына 2,2 млн тоннадан астам зиянды қалдық атмосфераға тарайды
Фото: zakon.kz

Өткен жылы ел аумағында 232,8 мыңнан астам стационарлық ластаушы көз тіркелген. Олардың қатарында зауыттар, жылу электр станциялары мен өзге де өндірістік нысандар бар.

Зиянды қалдықтардың ең көп көлемі Павлодар (697,8 мың тонна) және Қарағанды (445,3 мың тонна) облыстарына тиесілі. Дегенмен, бұл өңірлерде ластану деңгейі жыл сайын біртіндеп төмендеп келеді.

Шығарындылардың 80,4 пайызы газ бен сұйық заттар болса, қалған 19,6 пайызы қатты бөлшектерден тұрады. Ауаға ең жиі тарайтын заттар қатарында күкірт диоксиді, азот пен көміртек оксидтері, ұшпа органикалық қосылыстар, аммиак пен күкіртсутек бар.

Сондай-ақ қорғасын, марганец, сынап, күкірт қышқылы, хлор және мыс оксиді де тіркелген, бірақ олардың мөлшері рұқсат етілген шектен аспаған.

Ауаның сапасын «Қазгидромет» 70 елді мекендегі 171 бақылау бекеті арқылы қадағалаған. Нәтижелер аймақтарға қарай әркелкі болған.

Айта кетейік, 2025 жылдың күзінде Алматы ауасының ластану деңгейі бойынша әлемдегі ең лас бес қаланың қатарына енген. Ал The Times of Central Asia дерегінше, Қазақстанда Азиядағы ең таза ауасы бар қалалар да бар — тізімге Шу мен Жезқазған кірген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→