weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандағы ең лас және ең таза ауа қай қалаларда?

2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның 70 елді мекеніндегі атмосфералық ауа сапасына жүргізілген бақылау нәтижелері жарияланды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстандағы ең лас және ең таза ауа қай қалаларда?

Зерттеу қорытындысы бойынша, ауаның өте жоғары деңгейде ластануы Карағанды, Сәтпаев, Актөбе, және Астана қалаларында, сондай-ақ Шұбаршы кентінде тіркелген.

Ал жоғары деңгейдегі ластану санатына Алматы, Атырау, Теміртау, Талғар, Павлодар, Қостанай, Абай және Түркістан қалалары кірді. Сонымен қатар Жанбай ауылы мен Қызылсай кентінде де ауа сапасының жоғары деңгейде ластануы байқалған.

Мамандардың мәліметінше, ауа сапасының жоғарылаған ластану деңгейі 19 қала мен 4 кентте тіркелген. Ал төмен деңгейдегі ластану көрсеткіші 16 қалада, 8 кентте және 6 ауылда анықталған.

2026 жылдың наурыз айындағы дерекке сәйкес, Қазақстандағы ең лас ауа Қарағанды қаласында тіркелді. Тек ақпан айының өзінде мамандар атмосфераның жоғары деңгейде ластануы бойынша 55 жағдайды анықтаған.

Антирейтингте Сәтпаев пен Абай қалалары да көш бастап тұр. Сонымен қатар Алматы, Астана Өскемен және қалаларында да жоғары деңгейдегі ауа ластануы тіркелген.

Ал ең таза ауа Көкшетау, Орал, Қызылорда қалаларында және еліміздегі тағы 36 елді мекенде байқалған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→