weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Газ бен тежегішті шатастырып алған: Минивэн автобус аялдамасын қиратып кетті

Астанада Орталық саябақ маңындағы автотұрақта жол-көлік оқиғасы тіркелді. Toyota Alphard маркалы минивэннің жүргізушісі кері қозғалыс кезінде автобус аялдамасын соғып өткен.

Газ бен тежегішті шатастырып алған: Минивэн автобус аялдамасын қиратып кетті

Полицияның мәліметінше, жүргізуші газ бен тежегіш педальдарын шатастырып алған. Салдарынан аялдама павильоны толықтай қирады.

Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Келтірілген материалдық шығын заңға сәйкес өндіріледі.

Полиция жүргізушілерге, әсіресе адам көп жиналатын орындарда, рөлде барынша мұқият болуды ескертеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→