weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өскемен тұрғыны лабрадор күшігін бесінші қабаттан лақтырып жіберген

Өскемен қаласында ер адам лабрадор тұқымды күшікті көпқабатты үйдің бесінші қабатынан лақтырып жіберіп, жануар ауыр жарақат салдарынан қаза тапты. Қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Өскемен тұрғыны лабрадор күшігін бесінші қабаттан лақтырып жіберген
Фото: petstory.ru

Қанға боялған иттің видеосы мен фотосуреттерін қаңғыбас жануарларды оңалту орталығы — «Досым» әлеуметтік желісігде жариялады. Көршілердің айтуынша, күшікті жерге құлап түскен күйінде тауып алған олар оны дереу ветеринарлық клиникаға жеткізген. Алайда алған жарақаты тым ауыр болғандықтан, жануарды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті өз әрекетін күшіктің үй ішінде дәрет сындырғанымен түсіндірген. Көршілерінің ашу-ызасы мен наразылығынан кейін ол пышақ алып шығып, жараланған итті «соңына дейін өлтірмек болған».

Бұл жайт әлеуметтік желі қолданушыларының қатты ашуын тудырып, олар полициядан қатаң шара қолдануды талап етті.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-бөлігі — «Жануарларға қатыгездік көрсету» бойынша қозғалған.

Аталған бапқа сәйкес, кінәлі адамға 200 айлық есептік көрсеткішке дейін (шамамен 865 мың теңге) айыппұл салынуы, сол мөлшерде табысы ұстала отырып мәжбүрлі еңбекке тартылуы, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегiлуi немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→