Президенттің айтуынша, LRT-ны кеңейту қаладағы көлік кептелісін азайтуға елеулі ықпал етеді. Осыған байланысты Үкімет алдымен жобаны қаржыландыру мәселесін нақты шешуі қажет.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салу бастамасын да қолдады. Ол жоба-сметалық құжаттаманы келесі жылы әзірлеп, құрылысты 2027 жылы бастауды тапсырды.
Бұдан бөлек, Үкімет пен қала әкімдігіне Тәуелсіздік даңғылын ұзарту жұмыстарын бірлесіп жалғастыру міндеті жүктелді.