weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада екінші әуежай салына ма? Тоқаев Үкіметке нақты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың көлік-транзиттік әлеуетін күшейту мақсатында Астанада екінші әуежай салу мүмкіндігін жан-жақты қарастыруды тапсырды.

Астанада екінші әуежай салына ма? Тоқаев Үкіметке нақты тапсырма берді
Фото: Abai.kz

Президент Үкіметке қала әкімдігімен бірлесе отырып, бұл мәселені терең пысықтап, нақты ұсыныстар әзірлеуді жүктеді.

Оның айтуынша, жуырда Қазақстанда толыққанды авиахабтар қалыптастыру мәселесі талқыланған. Бұл бағытта Астана әуежайына қатысты да белгілі бір жұмыстар қарастырылып отыр. Алайда авиациялық жанармай өндірісінің жеткіліксіздігі авиахабтарды дамытуға елеулі кедергі келтіруі мүмкін.

Осыған байланысты Үкімет авиаотын өндірісін ұлғайту үшін нақты әрі пәрменді шаралар қабылдауы тиіс. Мемлекет басшысы бұл мақсатта жаңа мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндігін де жоққа шығармайтынын айтып, оның оң және теріс тұстарын жан-жақты саралау қажеттігін атап өтті.

Президент Үкімет бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын айқындап, нақты шешім қабылдауы керек екенін қадап айтты.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→