weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Студент қызды зорлап, өлтірген шетелдік өмір бойына сотталды

Түркістан облысында студент қызды жол үстінде зорлап, кейін өлтірген шетелдік азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Студент қызды зорлап, өлтірген шетелдік өмір бойына сотталды
Фото: saigez.kz

Жеті айға созылған сот процесінің қорытындысында айыпталушының кінәсі толық дәлелденді.

38 жастағы, үш баланың әкесі саналатын шетелдік азамат өткен жылы Қазақстанға жұмыс іздеп келген. Ол Түркістан облысындағы Төрткүл ауылында наубайханада еңбек етіп, күнкөрісін тапқан.

Сотта белгілі болғандай, айыпталушы азық-түлік дүкенінде 2009 жылы туған кәмелетке толмаған жәбірленушіні бұрыннан таныған. Сол күні де әдеттегідей нан жеткізіп, ақшасын алғаннан кейін түнгі сағат бірлер шамасында айналада ешкім жоқ сәтті пайдаланып, күш қолдана отырып зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Кейін қылмысын жасыру мақсатында жәбірленушіні қасақана өлтірген.

Бұл туралы Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Мадалиев мәлімдеді.

Жабық режимде өткен соттың соңғы отырысына марқұм қыздың ата-анасы қатыспаған. Ал сотталған азамат пен оның әкесі үкіммен келіспейтіндерін айтып, істі апелляциялық тәртіппен қайта қарауға ниетті екенін білдірді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→