weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев Трамппен сөйлесіп, оны Қазақстанға шақырды

23 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп арасында ұзаққа созылған телефон арқылы әңгіме өтті. Қазақстан мен АҚШ басшылары екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді және қазіргі халықаралық ахуалды, соның ішінде Украина мен Ресей арасындағы соғысты талқылады.

Тоқаев Трамппен сөйлесіп, оны Қазақстанға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қараша айында Вашингтонға жасаған сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді толық әрі жүйелі түрде іске асыруға ниетті екенін растады. Мемлекет басшысы Украинадағы қақтығысты реттеудің күрделілігін атап өтіп, бұл үдерісте аумақтық мәселенің шешуші рөл атқаратынын және нақты жағдайды ескере отырып, тараптардың өзара ымыраға келуін қажет ететінін айтты.

Сондықтан Қазақстан қақтығысқа қатысы бар барлық тарапты сабыр танытып, икемділік пен кәсібилік көрсете отырып, бейбіт шешім формуласына қол жеткізу жолын жалғастыруға шақырады. Сонымен қатар еліміз бұл үдерісте делдал болуға ұмтылмайтынын, алайда қажет болған жағдайда келіссөздер өткізуге бейтарап алаң ұсынуға дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың бірқатар халықаралық әскери қақтығыстарды аяқтауға және АҚШ-тың ішкі әлеуетін нығайтуға мүмкіндік берген көшбасшылық қасиеттерін де ерекше атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырып, бұл сапардың тарихи мәні зор болатынына сенім білдірді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→