Мәліметке сәйкес, сапар қайғылы оқиғаның жылдығына орай ұйымдастырылған. Ақтауға келгендер арасында ұлттық батырлар Игорь Кшнякин мен Александр Кальяниновтың жақындары, сондай-ақ қаза тапқан бірнеше жолаушының отбасы мүшелері де болған.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Әуе кемесінде барлығы 69 адам болған, оның бесеуі экипаж мүшелері. Қаза тапқандардың ішінде 42 Әзербайжан азаматы, 15 Ресей азаматы, 6 Қазақстан азаматы және 3 Қырғызстан азаматы бар.
Бұған дейін, дәл осы ұшақтың құлауына Ресейдің қатысы барын Путин мойындағаны туралы жазғанбыз.