weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
22 желтоқсан, 2025 / Жанар Ғарифоллақызы / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркия парламентінде төбелес: билік пен оппозиция депутаттары жаға жыртысты

Түркия парламентінде 2026 жылға арналған мемлекеттік бюджет пен 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы заң жобалары қабылданғаннан кейін залда күтпеген жағдай болды. Дауыс беру аяқтала сала Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі мінберінде билік пен оппозиция өкілдері арасында жанжал шығып, ол жұдырықтасуға ұласты, деп  хабарлайды newsroom.kz порталы түркиялық haberler.com сайтына сілтеме жасап.

Түркия парламентінде төбелес: билік пен оппозиция депутаттары жаға жыртысты
Фото: haberler.com

Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылғы орталық бюджет және 2024 жылғы нақты есеп туралы заң жобалары 249 «қарсы» дауысқа қарсы 320 «қолдау» дауысымен қабылданды. Алайда нәтижелер жарияланған соң залдағы ахуал күрт шиеленіскен.

Жанжал Республикалық халық партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Мурат Әмір-дің Әділет және даму партиясы атынан сайланған Бурса депутаты Мустафа Варанк-ке қарай ұмтылуынан басталғаны хабарланды. Қысқа уақытта екі партияның өзге депутаттары да араласып, қақтығыс жұдырықтасуға дейін жеткен.

Жалпы отырыс залында жиналған топ арасында итерісу болып, екі жақтан да бірнеше депутаттың бір-біріне жұдырық ала жүгіргені байқалған. Тәртіпті қалпына келтіру үшін өзге халық қалаулылары араласып, жағдай әрең дегенде тыныштандырылған.

Түркиялық БАҚ-тың жазуынша, оқиғаға қатысты ресми тергеу немесе қосымша шаралар туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→