weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның жер қойнауынан тағы мол қазына табылды

Қазақстанда жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алтын қоры 98 тоннаға, мыс қоры 36 мың тоннаға, ал фосфорит қоры 1,3 миллион тоннадан астам көлемге артты. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді.

Қазақстанның жер қойнауынан тағы мол қазына табылды
Фото: elordamedia

Оның айтуынша, алғаш рет мемлекеттік есепке бес жаңа кен орны алынған. Олар — Көк-Жон, Алтын-Шоқо, Самомбет, Студенческий және Такыр-Қалжыр.

Вице-министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ел аумағын геологиялық және геофизикалық тұрғыдан зерттеу жұмыстары кеңейтіліп жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда 2 миллион шаршы шақырымнан астам аумақ зерттелген. 2026 жылға қарай бұл көрсеткішті 2,2 миллион шаршы шақырымға жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Қазақстанның Қарағанды облысында сирек жер металдары бар перспективалы учаске анықталғаны хабарланды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→