weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Венесуэла танкерлерді әскери кемелермен қорғауға көшті

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға «жаппай блокада» жариялануы мүмкін екенін айтқаннан кейін, ел билігі мұнай тиеген коммерциялық танкерлерді әскери кемелердің ілесуімен шығара бастады. Бұл туралы newsroom.kz порталы The New York Times-қа сілтеп хабарлады.

Венесуэла танкерлерді әскери кемелермен қорғауға көшті
Фото: shyndyq.kz

16–17 желтоқсанда Венесуэланың Кариб теңізі жағалауындағы Хосе портынан Азия бағытына мұнай өнімдері тиелген үш кеме аттанған. Барлық танкер елдің әскери-теңіз күштерінің қорғауында болған. NYT дерегінше, бұл кемелер АҚШ Қаржы министрлігінің санкциялық тізіміне кірмейді. Дегенмен Трамп әкімшілігі жағдайға байланысты түрлі жауап нұсқаларын қарастырып жатыр.

Бұған дейін Трамп АҚШ Венесуэла порттарына кіретін немесе одан шығатын санкцияға іліккен кемелерді ұстайтынын мәлімдеп, Каракас билігін Американың мұнайы мен жерін заңсыз иемденді деп айыптаған. Ол Николас Мадуро билігін шетелдік террористік ұйым деп атап, Венесуэланы бұрын-соңды болмаған экономикалық қысым күтіп тұрғанын айтты.

Бұл мәлімдемелерге жауап ретінде Каракас БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жүгініп, АҚШ-тың әрекеттеріне байланысты шұғыл отырыс өткізуді талап етті. Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етіп отырған Словения бұл өтінішті растады және өзге елдермен кеңес басталғанын хабарлады.

Сондай-ақ Мадуро БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ-ты арандатушылық жасады деп айыптады. Гутерреш өз кезегінде БҰҰ Жарғысын сақтау қажеттігін атап өтіп, жағдайды ушықтырмауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Мадуро Гайананың мұнайға бай аумағына қатысты талап қойып, референдум өткізіп, әскерін шекараға жақындатқан болатын. Қазақстандық саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл жағдайға байланысты Венесуэла басшысы енді қауіп ірі ойыншы тарапынан төнгенде халықаралық құқықты еске алғанын атап өтті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→