Тоқаевтың айтуынша, Пезешкияни бастап келген ирандық делегация өз архивтерінде сақталған бірнеше көне қолжазбаның көшірмесін әкелген.
«Бұл құжаттарда XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының мәдениеті мен тарихи оқиғалары жөнінде бірегей деректер бар. Олар сол дәуірдегі Қазақ хандығының халықаралық байланыстарын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.
Президент сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігіне ирандық әріптестермен бірлесіп осы қолжазбалардың көрмесін ұйымдастыруды тапсырғанын айтты. Оның мақсаты – сирек тарихи материалдарды қазақстандық аудиторияға кеңінен таныстыру.