weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тәшиевтің құдағиы түрмеде отыр

Қырғызстан ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев отбасы мүшелерінің араша түсуіне қарамастан, заң бұзған туыстарын жауапқа тартқанын айтты.

Тәшиевтің құдағиы түрмеде отыр
Фото: ашық дереккөз

Region TV арнасына берген сұхбатында ол ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметіне келгеннен кейін туған-туыс пен дос-жаранмен қарым-қатынасы өзгергенін жеткізді.

«Көп жақын досымнан айырылдым. Бүгінде менің бір құдағиым (іні-қарындасымның қайын жұрты жағынан) 2020–2023 жылдары жасаған қылмыстары үшін ҰҚМК тергеу абақтысында отыр. Оны босатуға талай адам араласпақ болды — туған ағам да, оның құдасы да, басқа ағайын-туыс та өтініш айтты. Бірақ мен ешкімге әсер етуге рұқсат берген жоқпын. Заң не талап етсе, соны орындау керек. Сол себепті ол әлі қамауда.

Ағамның ұлы жол полициясы қызметкерлеріне балағат сөз айтқан еді — оған да шара қолдандық. Егер бұдан көз жұма қарасақ, келесі бір туыс прокурорды, тағы бірі әкімді қорлауы мүмкін еді. Онда қоғамда тәртіп емес, бейберекет жағдай орнар еді. Мен ағамның баласын қамауға алдырдым, сол үшін жақындарымның көбі маған өкпелі. Бірақ не істеймін? Мен үшін мемлекеттегі тәртіп бәрінен жоғары», — деді Ташиев.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→