Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Audi A6 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Осы сәтте ол қарсы келе жатқан Nissan Cefiro автокөлігімен соқтығысқан.
Соққының күшінен екі көліктің жүргізушілері мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазір жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиға облыстық ПД басшылығының бақылауында.