Toyota Corona Premio мен Toyota Hilux соқтығысып, соның салдарынан Toyota Corona көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Облыстық ПД бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Айта кетейік, желтоқсанның басында Қарағанды облысындағы Қарқаралы – Қарағайлы тасжолында екі көлік бетпе-бет соқтығысқан еді. Солардың бірі – «Қазпошта» инкассаторлары мінген автомобиль – соққыдан кейін өртеніп, ішіндегі ақша да жанып кеткен болатын.