weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

3 млн теңге тиелген инкассатор көлігі өртеніп, жүргізуші қаза тапты

Қарағанды маңындағы «Қарқаралы–Қарағайлы» тасжолында инкассаторлық көлік қатысқан ауыр жол апаты болды. Соққыдан кейін инкассатор жүрген Lada Largus өртеніп, ішіндегі ақша түгел жанып кеткен.

3 млн теңге тиелген инкассатор көлігі өртеніп, жүргізуші қаза тапты

Полицияның мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, инкассаторлық көлікпен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан 28 жастағы Largus жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Инкассатор көлігінің 36 жастағы жолаушысы мен Camry тізгінінде болған 41 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.

Camry жүргізушісі оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында оның мас күйінде болғаны және бір жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Инкассаторлық көлікте үш миллион теңгеден астам қаражат болған. Өрт салдарынан ақша да, көлік те толықтай жанып кетті.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция жүргізушілерге тағы да ескерту жасап, жол ережесін сақтау және мас күйінде рөлге отырмау қажеттігін қатаң айтты — мұндай жағдайлар адам өліміне жиі алып келеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→