weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 желтоқсан, 2025 / Жанар Ғарифоллақызы / Қаржы
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: қазақстандықтар нені білуі керек

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚҚРДА) 2025 жылғы 2 желтоқсанда қарыз алушыларға арналған маңызды түсіндірме жариялады. Онда кредитті мерзімінен бұрын өтеу тәртібі және оның ерекшеліктері туралы айтылған.

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: қазақстандықтар нені білуі керек
Фото: ашық дереккөз

Ведомствоның мәліметінше, мерзімінен бұрын өтеу қарыз алушыға пайыздық шығынды азайтуға және берешекті жылдам жабуға мүмкіндік береді.

Мерзімінен бұрын өтеу екі түрлі болады:

  • Толық өтеу – қарыздың бүкіл сомасын бірден жабу;
  • Ішінара өтеу – бекітілген төлем кестесінен артық сома төлеу.

Ішінара өтеу кезінде қарыз алушы екі нұсқаның бірін таңдай алады:

  • Ай сайынғы төлемді сақтай отырып, кредит мерзімін қысқарту, немесе
  • Кредит мерзімін өзгертпей, төлем мөлшерін азайту.

ҚҚРДА атап өткендей, қаржы ұйымдары заң аясында мерзімінен бұрын өтеудің ішкі тәртібін белгілей алады: ең төменгі сома, өтініш беру мерзімі, есеп айырысу күндері және т.б.

"Қарыз алушылар банктен алдын ала мына мәселелерді нақтылап алғаны жөн:
қалай қайта есептелетіні, қаражаттың қандай тәртіппен есептен шығарылатыны, сақтандыру төлемдерінің қайтарылу ерекшеліктері, сондай-ақ ипотека бойынша ауыртпалықты алу процесі".

Сонымен қатар, 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында жаңа норма күшіне енді:
мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл тек заңды тұлғаларға ғана қолданылады.

Ал жеке тұлғалар кредиттерін кез келген уақытта ешқандай айыппұлсыз мерзімінен бұрын өтей алады. Бұл талап бұрын жасалған келісімшарттарға да толық қолданылады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→