weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақмолада апалы-сіңлі оқушыларды көлік қағып кетті

1 желтоқсан күні Ақмола облысына қарасты Қоянды ауылында Nissan Primera жүргізушісі екі мектеп оқушысын жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кетті. БАҚ мәліметінше, олар — туған әпкелі-сіңлілі қыздар: кішісі бесінші сыныпта, үлкені оныншы сыныпта оқиды.

Ақмолада апалы-сіңлі оқушыларды көлік қағып кетті

БАҚ мәліметінше, олар — туған әпкелі-сіңлілі қыздар: кішісі бесінші сыныпта, үлкені оныншы сыныпта оқиды.

Бақылау камерасының жазбасында ақ түсті көліктің жылдамдықты бәсеңдетпестен, мектепке беттеп келе жатқан балаларды дәл жаяу жүргіншілер жолағының ортасында қаққаны анық көрінеді.

Ақмола облыстық полиция департаменті екі қыздың да ауруханаға жеткізілгенін растады. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→