weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 қараша, 2025 / Арайна Арайқызы / Шоубиз
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мейрамбек Беспаев темекіге бата айтты: Жұртшылық сынға алуда

Әлеуметтік желілерде танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың жасөспірімге тілек айтып отырған сәті түсірілген видео кең таралып, қызу талқылауға себеп болды.

Мейрамбек Беспаев темекіге бата айтты: Жұртшылық сынға алуда

Бейнежазбада Мейрамбектің дастархан басында қолын жайып, балаға ақ ниетін білдіріп отырғаны көрінеді. Алайда бұл көрініс желі қолданушылары арасында бірден пікірталас туғызды.

Көпшілік оның сөзін «бата емес, жай ғана тілек» деп бағаласа, енді біреулер әншінің алақан ұстау әдебіне сын айтты.

Видеоның тағы бір көп талқыланған тұсы – үстел үстіндегі бірнеше темекі қорабы. Желіде бұған қатысты түрлі мысқыл аралас пікірлер жазылды:

«Баланы емес, темекіні баталап отырған сияқты», «Темекінің саны адамнан көп қой», «Қасында сонша шылым тұрғанда бата қалай әсер етсін?», «Бұл бата емес, кәдімгі тостқа жақын, қазір «ал, бастайық» деп жіберетіндей» деген пікірлер әлеуметтік желіні толтырды.

Сонымен бірге кей қолданушылар «Бата беру кезінде алақанды қосып, дұрыс ұстау керек» екенін еске салып, видеодағы сәтті этикалық тұрғыда да талқыға салды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→