"Салым қоры - 25 млн" Беспаев көкпар өткізді

Мейрамбек Беспаев өнер адамдарының қатысуымен көкпар өткізді

фото: әлеуметтік желіден

Әнші Мейрамбек Бесбаев Әулиеата өңірінде өнер адамдарының қатысуымен жаппай көкпар өткізді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы kaz.nur.kz-ге сілтеме жасап.

Өнер иесі көкпардың алдында жиналғандарға концерт өткізді. Әншінің қуанышында бірқатар өнер жұлдыздары бой көрсеткен.

Олардың ішінде Досымжан Таңатаров. Серік Ибрагимов, Заттыбек, Ғазизхан Шекербеков, Мақсат Базарбаев, Ернар Айдар, Әбдіжаппар Әлқожа, Кенжебек Жанәбілов секілді әншілер бар.

«Бүгін тарихы терең Тараз жерінде қазақ ұлына айналған Әбілашімұлы Мейрамбек Беспаевтың көптен бата алып өткізген дүбірлі көкпар тойы өтті. Ынтымақ пен бірліктің, татулық пен бауырластықтың, жақындық пен жанашырлықтың айнасындай көрінген бұл тойға келген барлық ағайынның ақ тілегі мен ақ батасы қабыл болсын.

Әбухайырдың артынан тізгін ұстап тірек болар бауырлары, Кәусар қыздың кесте тігіп сырмақ сырар сіңлілері өмірге келе берсін өмірге», — деп жазды Заттыбек Көпбосынұлы Instagram парақшасында.

Ал Бесбаевтың жұбайы Мархабат бұл көкпардың тарихта қалатынын айтты. «Аллаға шүкір, тарихта қалатын көкпар болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген және атсалысқан достарымызға мың алғыс», — деп жазды. Айта кетейік, осыған дейін Мейрамбек Бесбаев көкпардың салым қоры — 25 млн теңге екенін айтқан болатын.

«Алғашында «Бос мақтан үшін» деп ел сөгер, «Босқа мал шашып жатыр» деп айтар деген күмәнмен келіспей жүр едім. «Көкпар көптікі ғой» деген тілеулес дос-жаран бір шешімге келтіріп, «салым» дейтін олжа қорын өздері көтеріп отыр. Салым қоры — 25 млн теңге. «Ол қаржыны неге қайырымдылыққа жұмсамайды» деп алдын-ала сөкпеңіздер. Қайрымдылықты көкпарға дейінде жасап келем, көкпардан кейінде жасала береді. Ал несібесі мен еңбегі көкпарға байланған азаматтарды менің де елеуім заңдылық шығар. Сол үшін сіздердің рұхсат-мұрсаттарыңызбен тәуекел еттім», — деген болатын әнші.

Жүктелуде...