Осы тапсырмаларды іске асыру аясында Үкімет, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі елордада ауқымды жобаларды жүйелі түрде қолға алды.
Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты оң динамика байқалуда.
2024 жылдың 1 қазанындағы деректер бойынша:
- жалпы өлім-жітім – 2,7%-ға төмендеді;
- сәби өлімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 20,2%-ға азайды.
Бұл көрсеткіштер елордалық денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту және қызмет сапасын күшейту бағытындағы жұмыстардың тиімділігін айқын көрсетеді.
Астанада Жолдауды іске асыру аясында атқарылған негізгі жұмыстар
Ірі медициналық нысандардың іске қосылуы
Президент тапсырмасына сәйкес Астанада жоғары мамандандырылған медициналық көмек қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды жобалар іске асырылды:
- Ұлттық онкологиялық орталық пайдалануға берілді;
- Шұғыл медициналық көмек орталығы жұмысын бастады.
Бұл орталықтар елордадағы ғана емес, бүкіл ел бойынша күрделі операциялар мен жоғары технологиялық ем-домды дамытуға мүмкіндік берді.
Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыру
Жолдау талаптарының бірі – әлеуметтік сала қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты:
Астанада жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған видео-жетон пилоттық жобасы іске қосылды.
Бұл бастама медицина қызметкерлеріне жасалатын қысымның алдын алып, жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған.
Цифрландыру және қызмет сапасын көтеру
Президен тапсырмасымен медициналық қызмет көрсетудің ашықтығын және жеделдігін қамтамасыз ету мақсатында елордада:
- барлық медициналық ұйымдарда Face ID,
- «Цифрлық құжат» жүйесі енгізілді.
Бұл технологиялар пациент қабылдау процесін толық автоматтандырып, қызмет көрсету уақытын айтарлықтай қысқартты.