«Астананы дамыту барысында инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың салынуына ерекше көңіл бөлеміз. Оларға тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері (жылу, электр қуаты, су), мектептер, балабақшалар және оқушылар сарайлары кіреді. Біз сондай-ақ әлеуметтік нысандардың құрылысына жеке қаржыландыруды тартамыз.
Қалада 4 Оқушылар сарайы жұмыс істейді (екеуі – мемлекеттік, екеуі – жекеменшік). Былтыр жалпы саны 4 мың орынға есептелген 2 жекеменшік нысан пайдалануға берілді: «Sana Bilim» – 2 мың орын (Тұран даңғылы), «Sana Sport» спорттық және шығармашылық орталық – 2 мың орын (Қажымұқан көшесі).
Қазіргі уақытта біз қосымша тағы төрт білім беру нысанын (Оқушылар сарайы) салып жатырмыз. Оның үшеуі – мемлекеттік, ал біреуі жеке инвестициялардың есебінен салынып жатыр.
Биыл екі нысанның құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз:
• Мұхамедханов пен Ш.Айтматов көшелерінің қиылысында орналасқан 2000 орындық «TANYM» көпфункционалды кешені (мемлекеттік).
• Сығанақ көшесі, 17/41 мекенжайында орналасқан 2000 орындық «BIART» шығармашылық индустрия мектебі (жеке инвестициялар есебінен).
2026 жылы көпфункционалды екі кешенді пайдалануға беру жоспарланып отыр:
• Ақан Сері мен С189К көшелерінің қиылысында орналасқан 2000 орындық көпфункционалды кешен (мемлекеттік);
• М.Төлебаев көшесіндегі 2000 орындық көпфункционалды кешен (мемлекеттік).
2027 жылы тағы екі нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр:
• Түркістан даңғылы мен Бұқар Жырау көшесінің қиылысындағы 2000 орындық көпфункционалды кешен (мемлекеттік);
• Қарасай батыр мен Қарталы көшелерінің қиылысындағы 2000 орындық көпфункционалды кешен (мемлекеттік)», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.