Куәгерлердің айтуынша, ер адам бұл қадамға Атырау бағытындағы трассада алған әкімшілік айыппұлға наразы болып, осылайша қарсылық білдірмек болған.
Ол Бейнеу аудандық полициясының алдына келіп, үстіне бензин құйып, өзін тұтатуға әрекет жасаған. Алайда құқық қорғау органдары жедел араласып, өзін-өзі өртемек болған азаматты тоқтатып үлгерген. Кейін ол дәрігерлерге жеткізілді.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады полиция.